«Қайрат» – «Пафос»: Алматыда қауіпсіздік күшейтілді
Чемпиондар лигасы алматылық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» ойыны қарсаңында Алматыда қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Орталық стадион маңындағы көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Қоғамдық көліктер ойын біткен соң тұрғындарды тасымалдайды. Әріптесім Нұрдәулет Сыздық қаладағы дайындық жайын айтып беру үшін тікелей байланысқа шықты.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Рақмет Ақерке! Чемпиондар лигасы «Қайрат» пен «Пафос» ойыны қарсаңында қалада дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Орталық стадион маңында 3 мыңға жуық полиция қызметкері жұмыс істейді. Стадион маңындағы Абай даңғылында, Байтұрсынұлы, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін. Бұл шаралар қауіпсіздік жағын қадағалауға бағытталған. Бүгінгі доп додасын тамашалуға жанкүйерлер қаншалықты келетінін сұрап, пікірін біліп көрген едік.
- Арзан болса жақсы әрине. Бірақ ішкі ережелерге қарсы шыға алмайсың. Солай болуы керек болған шығар.- Студенттерге билет 30-250 мың арасында қымбат деп есептеймін өз басым.- Өзіміздің ҚПЛ билеттері құны 20 мың теңгеге дейін баратын еді. Түсінемін жарайды, иә Чемпиондар лигасындамыз, оған қуануымыз керек.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Иә, ойынға билет 30 мың мен 250 мың теңгеге саудаланып еді. Билет құнына спорт жанкүйерлері шағымын да білдірді. Ал алматылық команданы стадионда қолдауға келген жанкүйерлер үшін ойын біткеннен соң 6 бағыт бойынша 60 автобус тегін тасымалдайды. Метро да өз уақытынан ұзағырақ қызмет көрсетеді. Ұйымдастырушылар матч басталмас бұрын стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіруді ұсынады. Ақерке, міне бүгін спорт мерекесі қарсаңындағы мегаполистегі жағдай осы.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09