Әлеуметтік зерттеу нәтижесі: Қоғам Президентке сенім артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік зерттеу нәтижесі: Қоғам Президентке сенім артады

04.05.2024

«Қазақ Қоғамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артады, бейресми ақпарат құралдарына күмәнмен қарайды». Almay университеті жүргізген "Қазақстандағы қоғамдық сенім" атты әлеуметтік зерттеуі, осындай нәтиже көрсетті. Бүгінде ел арасында Үкіметке деген сенімнің артуы байқалады.

Ал, бизнестің әлеуеті төмендеп келеді. Бұл өткен жылы резонанс тудырған ірі компаниялардың жемқорлық істерімен байланысты. Билік өкілдерінің ішінде, президент пен қарулы күштер жоғары сенімге ие болған. Одан кейін - Үкімет мүшелері.

Ал, Жергілікті және өңірлік билікке, саяси партиялар мен әкімдерге сенім аз. Сондай-ақ, былтырдан бері, дәстүрлі медиа арналардың беделі артқан. Бейресми ақпарат көздері мен мессенджерлердергі деректерден күмәнданады.


Хабарламаларға жазылу