Атырауда Жайықтың деңгейі тәулік сайын көтеріліп, қауіп сейілмей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Жайықтың деңгейі тәулік сайын көтеріліп, қауіп сейілмей тұр

04.05.2024

Атырау облысында Жайықтың деңгейі тәулік сайын көтеріліп, қауіп сейілмей тұр. Индер ауданында су 32 см-ге көтеріліп, 820 см-ге жетті. Қауіпті межеге - 25 см қалды. Жағада орналасқан қожалық иелеріне, қолдағы малды қауіпсіз жерге көшіру туралы ескертілді. 1 500-ге жуық мал айдалды.

Ал, Махамбетте, су деңгейі тағы 16 смге көтеріліп, 828 смге жетті. Қауіпті меже – 850 см. Мұнда да, бөгет нығайтылып жатыр. Атырау қаласында, Жайықтың деңгейі 4 метр 79 смге жетті. Тасқынның алдын алу мақсатында тұрғызылып жатқан бөгеттердің жұмысы аяқталып қалды. Жоспарланған 522 шақырым бөгеттің/ 517 шақырымы салынды.


Хабарламаларға жазылу