Ақтөбе облысында баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 576 үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 576 үй салынады

03.05.2024

Ақтөбе облысында баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 576 үй салынады. Өңірде барлығы 787 үй тексерілген. 222 отбасына баспаналарын жөндеу үшін 500 миллион теңгеге жуық қаржы аударылды. Ырғыз ауданындағы үш ауылдың үйлерін комиссия енді қарап жатыр. Басқа аудандарда 15 үйдің құрылысы басталды. Өтініш білдірген тұрғындар үшін әзірге қанша дайын баспана сатып алынатыны белгісіз. Қазір тұрғындардың арыздары қаралып жатыр. Ал, облыс орталығында өтініштерді қабылдау аяқталды. Мұнда негізінен, бау-бақша ұжымдарындағы баспаналар бүлінген. Осы уақытқа дейін облыста 2 662 адамға 864 миллион теңгеге жуық бір реттік өтемақы төленді.

Диас Елікбаев, комиссия мүшесі:

 Мына үйді қарап жатырмыз, бізге неге соққан жоқ, бізге соқпады, оценчиктер тізімінде біз неге жоқпыз деген сұрақтар туындады. Енді оларды аудандық әкімдікпен шығып, сондай сұрақтарды шешіп отырмыз. Біз шынымен анықтаймыз, үйге су кірде ме, кірмеді ме? Су кірді, шымамен бір метрге, жарты метрге, болмаса үйге су кірмеді деп жазамыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу