Жайықтың Атыраудағы тұсында ағыс күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтың Атыраудағы тұсында ағыс күшейді

03.05.2024

Жайықтың Атыраудағы тұсында ағыс күшейді. Нөпір суды бірінші болып қабылдайтын Индер ауданында су бірден 38 см-ге көтеріліп, жалпы деңгейі - 788 см-ге жетті. Қауіпті меже – 845 см. Ал Махамбет ауданындағы гидробекетте су деңгейі - 812 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгейге 1 метрден аз қалды. Ал, Атырау қаласында су деңгейі 12 см-ге көтерілді. Жалпы деңгейі 471 см-ге жетіп отыр. Қазір өңірде 515 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды. Жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу