«Айбын» ордені даңқты батырлардың есімімен аталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбын» ордені даңқты батырлардың есімімен аталады

25.04.2024

Сенат «Айбын» орденін даңқты батырлардың есімімен атауға қатысты заңды мақұлдады. Заңда «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру ескерілген. Айта кетейік, ел Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған Заңның мақсаты - мемлекеттік награда жүйесін жетілдіру және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындау деп айқындалған.

Хабарламаларға жазылу