Қытайдың Гуандун провинциясында нөсер жауын қайта құйды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Гуандун провинциясында нөсер жауын қайта құйды

25.04.2024

Қытайдың Гуандун провинциясында нөсер жауын тоқтамай жауып тұр. Бұған қоса екпінді жел тұрып, айналадағы заттарды ұшырған. Толассыз жауын тұрғындарды тасқыннан құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Өңірде алапат тасқын сәуірдің 18-де жайлады. Су апатынан 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. Ел экономикасына миллиондаған доллар шығын келді. Ауа райы болжамына қарағанда, жаңбыр мұнда сәуірдің соңына дейін жалғасады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу