Биыл оқуға түсетіндерге 112 мың грант бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл оқуға түсетіндерге 112 мың грант бөлінді

15.05.2024

Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды. Жоғары оқу орындарына түсетіндерге биыл 112 мың грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі, яғни 19 мыңнан аса грант - инженерлік, өңдеу, құрылыс салаларына бағытталған.

Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына 11 мыңға жуық грант бөлінген. «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 мың 300 ге жуық орын бөлінген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. Мәселен «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағытына 150 грант бекітілді. Ал, «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге бөлінген грант шамамен 4 мың. Жалпы, 2024-2025 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін - 79 мыңға жуық, магистратураға - 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900-ден астам грант бөлінген.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу