Алматы циркінің әртістері әлемдік шоуда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы циркінің әртістері әлемдік шоуда өнер көрсетті

06.05.2024

Алматы циркінің әртістері әлемге әйгілі Britain's Got Talent, яғни, «Британия талант іздейді» шоуында ерекше өнер көрсетіп, екінші кезеңге Жолдама алды.

Көрермендер мен қазылар алқасы қазақ әртістерінің кәсіби шеберлігіне орнынан тұрып, қошемет көрсетті. Танымал шоуда Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова күрделі акробатикалық нөмір орындады. Әртістердің бірі баспалдақпен көтеріліп, екіншісі оның басына қолын қойып, бір қолымен тірек жасаған. Акробаттар тепе-теңдікті сақтай отырып, көрермендерді шеберліктерімен таң қалдырды.

Қазақстандық қатысушылар 17 мамырда өтетін жобаның екінші кезеңіне бірауыздан өтті. Britain's Got Talent - бұл британдық таланттардың танымал реалити-шоуы. Жоба жеңімпаздары ақшалай сыйлыққа және корольдік отбасы қатысатын қайырымдылық шарасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Қазір әртістер екінші кезеңге қызу дайындалып жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу