Елімізде буын ауруына шалдыққан науқастар саны 400 мыңнан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде буын ауруына шалдыққан науқастар саны 400 мыңнан асып кетті

26.04.2024

Елімізде буын ауруына шалдыққан науқастар саны 400 мыңнан асып кетті. Дерттің дендеуіне әртүрлі инфекцияның кері әсері бар, дейді мамандар. Бүгін Алматыда Қазақстан ревматологтар қауымдастығының бастамасымен халықСимпозиумы басталды. Жиынға әлемнің 20 мемлекетінен ревматология саласындағы жетекші мамандар қатысты. КСМ: Конгресте диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі кезеңде аурудың әртүрлі сатысында емдеу жолдары айтылды.

Сондай-ақ, отандық ревматология саласына ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды тартудың тәсілдері мен оны қолдану жолдары да талқыланды. Қазіргі уақытта Ревматологиялық Қауымдастық пен Асфендияров университеті бірлесіп ғылыми орталық ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орталық келер жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Ғалымжан Тоғызбаев, Медицина ғылымдарының докторы:

Бізде әлемнен кем емес, дәрілер мемлекет тарапынан тегін беріледі халыққа. Бірақ, бұл дегенмен мақтанатын жағдай емес. 0355 Маман жетіспеушілігі бар. 40 пайыздай бар.

Ванесса Окампо, Ревматолог /Канада/:

Біз қазір жасанды интелектті қолдану арқылы бұл аурудың алдын алу жолдарын жасап жатырмыз. Бұл жиынның тәжірибе алмасуда мамандарға берері мол. Қазір басқа мемлекеттен келген сарапшылардың ревматологиялық ауруларды емдеу жолдары мен тәсілдерін тыңдап отырмын. Олар да жасанды интелекті қолдану тәсіліне көшкен.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу