Абай облысындағы Бозай ауылымен әлі қатынас жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы Бозай ауылымен әлі қатынас жоқ

26.04.2024

Абай облысы Аягөз ауданының Бозай ауылымен әлі қатынас жоқ. Көпірін тасқын бұзып кеткен 440-тан астам тұрғыны бар елдімекенге қажетті заттар, қайықпен жеткізіліп жатыр. Өткелді тез арада қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл аумаққа қарғын су наурыздың аяғында келді. Табиғи апат кезінде Аягөз қаласында 8 үйге су кірген. Қазір ондағы тұрғындарға өтемақы беріліп, қосымша бірреттік төлемдер жасалды. Мамандардың айтуынша ауданда мал шығыны бар. Қазір оның саны нақты есептеліп жатыр. Белгілі болған соң өтемақы төленеді.

Өмірбек Бекбаев, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары:

Көпір салу жұмысы қоса жүргізіліп жатыр. Ол жерде «Гордорстрой» мен «ҚазАвтоЖол» 12 техникасы жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күнен бастап түнгі режимде жұмыс жасап, жедел уақытта бітіру бойынша қосымша жұмыстар атқарылуда.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу