Сарапшы: Ауқымды шаралардың кейінге қалғаны өте дұрыс шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Ауқымды шаралардың кейінге қалғаны өте дұрыс шешім

26.04.2024

Тасқын бірлігімізді бекемдеп берді. Жұдырықтай болып жұмылып, табиғи апат кезінде көмек көрсету әрқайсымыздың парызымыз. Мемлекет басшысы бірқатар халықаралы шараларды кейінге қалдырып, қаражат үнемдеуді тапсырды. Ассамблея отырысы да тасқынға байланысты онайн өтті дейді сарапшы Ерлан Ахмеди.

Ерлан Ахмеди, саяси сарапшы:

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан нақты шаралар қолға алынды. Жалпы жағдайдың аясында халықаралық шаралар өткізілмейтін болды. Басқа да шаралар бүгінгідей жаңа форматта, яғни онлайн форматта өткізу деген шешім қабылданған болатын. Менің ойымша бұл өте дұрыс бастама. Өйткені елдігі жағдайға қарап әр қадамды дұрыс жасаған дұрыс болады. Бүгінгі шарада да бұл мәселеге жан-жақты тоқталған болатын. Шынын айту керек ел болып, халық болып бірігіп азаматтарымыз, баршамыз көмектесіп жатырмыз.

Тәуірбек Бозекенұлы

Хабарламаларға жазылу