Air Astana Алматы-Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Air Astana Алматы-Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты

19.04.2024

Air Astana Дубай әуежайында енгізілген шектеулерге байланысты Алматы-Дубай және кері қарай рейстерді уақытша тоқтатты. Мұны компания тарапы ресми мәлімдеп отыр. Ал жолаушылар билеттің сомасын қайтарып ала алады немесе басқа уақытқа брондай алады. Тым болмаса өзге де әуе компаниясына жүгінуге болатынын айтты. Ал турагенттіктер билетін қайтарып жатқан жолаушылар бар, бірақ әзірге нақты саны белгісіз деп отыр.


Хабарламаларға жазылу