Елордада Айкөл Манас ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Айкөл Манас ескерткіші ашылды

19.04.2024

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері елорданың негізгі көшелерінің бірінен бой көтерген Манас ескерткішін салтанатты түрде ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл - қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі» деді. Әрі мыңжылдық тарихы бар Манас эпосын «адамзат руханиятындағы бірегей мұра», «тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы» деп сипаттады. Әйгілі жырдың қилы заман сынағынан аман өтіп, бүгінгі күнге жетуіне қазақ ғалымдары да зор үлес қосқанына да тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бас қаламызда бой көтерген осы сәулет туындысы түбі бір түркі жұртының бірлігін көрсетеді. Бұл – Манасқа ғана емес, қазақ пен қырғыздың мәңгілік бауырластығына қойылған ескерткіш. Мен екі елдің достығы ешқашан мызғымайды деп сенемін.

 Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті:

Бүгін Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасындағы тарихи күн. Айкөл Манас ескерткішінің қазақ жерінде ашылуы екі елдің бауырластығын тағы бір мәрте дәлелдеді.


Хабарламаларға жазылу